Қытай жасыл энергетиканы қалай дамытып жатыр

28 Тамыз 2024, 14:35
787
Бөлісу:
Қытай жасыл энергетиканы қалай дамытып жатыр
Фото: автордан

Қытайдың экология вице-министрі Ю Хуйвэнь Сычуань провинциясының Чэнду қаласында өтіп жатқан “Бір белдеу, бір жол” медиа форумында жасыл энергетиканы дамытудың маңызына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол бүгінде жасыл энергетиканы дамытудың маңызды екенін атап өтті.

Қытайда жасыл және төмен көміртекті энергетика дамып келеді. Мысалы, экологиялық таза энергия 25%-ға артты. Қытай “Бір белдеу, бір жол” бастамасы аясында 100-ден астам елмен гидро-, жел энергетикасы саласында серіктестік орнатқан. Сондай-ақ жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге де белсенді қатысамыз, - деді вице-министр.

Ю Хуйвэнь Жасыл Жібек жолы аясында түрлі мемлекеттермен құрылған серіктестікті ерекше атап өтті.

Біз жасыл энергетиканы дамытып, оның нәтижелерін әлемге бөлісуді жалғастыра береміз. Сондай-ақ осы салада дарынды жастарды даярлауды, оқытуды жалғастыра береміз, - деп айтты Қытай экология министрлігінің өкілі медиа форумда сөйлеген сөзінде.

Еске сала кетсек, Қазақстан Қытаймен бірқатар жасыл электр станцияларын, соның ішінде күн, жел және су электр станцияларын салуда ынтымақтастық орнатқан.

“Бір белдеу, бір жол” бастамасы халықаралық көпжақты сауда және инвестициялық жобаларды ұлғайту және қытайлық, сондай-ақ шетелдік капиталды пайдалану мақсатында 2013 жылы Астанада ҚХР басшысы Си Цзиньпин ұсынған жоба. Оған қазірдің өзінде 150-ден астам мемлекет пен халықаралық ұйымдар қосылған.

Бұған дейін Қытайда 76 елдің БАҚ өкілдерінің басын қосқан медиа форум өтіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы