Қытай университеттерінде қазақ тілінен байқау өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы онлайн «Халық» газеті хабарлады.
Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің ұсынысымен Бейжің шетел тілдер университеті ұйымдастырған Қытай университеттері арасындағы қазақ тілі бойынша байқау өтеді. Байқау 20 наурыз күні ұйымдастырылады.
Сайыс Қытайда қазақ тілінде білім беруді дамытуға жәрдемдесу және Қытай мен Қазақстан арасындағы гуманитарлық саладағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу мақсатында өткізіледі.
Байқау Қытай Білім министрлігінің Халықаралық департаментінің қолдауымен ұйымдастырылады. Бұл байқауға бүкіл елдегі университеттерде шет тілі мамандығы қазақ тілі бойынша білім алатын қытайлық бакалавр студенттері қатысады.