Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қытай Украинада тұтқынға алынған азаматтарына қатысты пікір білдірді

Самал КӨШЕРБЕКҚЫЗЫ
9 Сәуір 2025, 20:49
4235
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қытай Сыртқы істер министрлігі (СІМ) Украина Қарулы күштері тұтқынға алған Қытай азаматтарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның ресми өкілі Линь Цзянь мәлімдеме жасап, Қытай үкіметі өз азаматтарына қарулы қақтығыстарға араласудан бас тартуды үнемі ескертіп отыратынын айтты.

Қытай тарапы Украинамен бұл мәселе бойынша ақпарат алмасып жатыр. Біз азаматтарымызға қақтығыс аймақтарынан аулақ болуға, кез келген әскери әрекетке қатыспауға кеңес беріп келеміз, - деді ол Бейжіндегі брифингте деп жазады шетел басылымы.

Бұл мәлімдеме Украина президенті Владимир Зеленскийдің Донецк облысында Ресей жағында соғысқан екі Қытай азаматы тұтқынға алынғаны туралы айтқаннан кейін жасалды. Президент сонымен қатар ресейлік бөлімшелер құрамында басқа да Қытай азаматтарының бар екені жөнінде мәлімет барын хабарлады, бірақ нақты деректер келтірмеді.

Бұған дейін Владимир Зеленский Ресей армиясы жағында соғысқан Қытайдың екі азаматын тұтқынға алғанын мәлімдеген болатын.  

Өзгелердің жаңалығы