Қытай Түркістан облысында бірнеше зауыт салатын болды

2 Шілде 2024, 18:00
561
Бөлісу:
Қытай Түркістан облысында бірнеше зауыт салатын болды
Фото: pexels.com

Бүгін Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі аясында Түркістан облысының әкімі 4 меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін 4 меморандумға қол қойдық. Оның ішінде екеуі іске асырылып жатыр. Соның бірі - альюминий зауыты. Ол жерде есік, терезе және басқа да жабдықтар шығарылады. Зауыттың бағасы – 17-20 млн доллар. Екіншісі, тоқыма кластері. Бұл жоба бойынша Қытай қазақстандық компанияға инвестиция салады. Ол компания мақта өсіріп, оны 8 зауытта өңдейді. Ол жерде мақтаны өңдеп, жіп шығарып, кейін одан мата жасайды, - деп айтты облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Дархан Сатыбалдының айтуына қарағанда, меморандумдар негізінде альюминий зауыты, 5 жұлдызды қонақүй, бизнес орталық, аквапарк және мақта-мата өндіріс ошағы салынады. Келісімнің жалпы соммасы 1,7 млрд доллар болды.

Түркістан облысының әкімі осы жобалардың нәтижесінде өңірде 4 мың жаңа жұмыс орны ашылатынын атап өтті. Оған жергілікті тұрғындар ғана тартылады.

Өзгелердің жаңалығы