Қытай-Қырғызстан-Ауғанстан жаңа көлік дәлізі ашылды

Қытай жүктерінің алғашқы он екі контейнері «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан-Ауғанстан» жаңа көлік дәлізі арқылы Қырғызстаннан Ауғанстанға теміржол арқылы жөнелтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

22 Қыркүйек 2022 2022, 21:47
АВТОР
 22 Қыркүйек 2022 2022, 21:47
22 Қыркүйек 2022 2022, 21:47
1481

Қытай жүктерінің алғашқы он екі контейнері «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан-Ауғанстан» жаңа көлік дәлізі арқылы Қырғызстаннан Ауғанстанға теміржол арқылы жөнелтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАқпарат «Қырғыз темір жолы» ҰК-на сілтеме жасап жазды.

Бұл транзиттік дәліз – Қырғыз Республикасы арқылы Қытайдан Ауғанстанға жүктерді біріктірілген тасымалдаудың мультимодальды бағыты. Ол 8-9 қыркүйекте Ташкент қаласында Қытайдың халықаралық логистикалық компаниясының қатысуымен өткен Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан темір жол әкімшіліктері өкілдерінің төртжақты кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтар аясында жүзеге асырылуда.

Компанияның мәліметінше, жүк тасымалы Қашқар теміржол вокзалынан (Қытай) Ош станциясына (Қырғызстан) автокөлікпен, одан әрі Өзбекстан аумағында теміржол арқылы Мазари-Шариф станциясына (Ауғанстан) дейін жүзеге асырылады.

Наверх