Қытайлық компаниялар Қазақстаннан астық экспортын қайта жандандыруға дайын, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен China Grain Reserves Group Ltd. Иу ДЭН кездесу барысында осындай келісімге келді, - деп нақтылады министрлік.
Кездесуде Қазақстан мен Қытайарасындағы дәнді және майлы дақылдарды жеткізу және сату мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысының Қытайға астық экспортының көлемін 2 млн тоннаға дейін ұлғайту туралы тапсырмасы аясында нақты шаралар қабылдануда. Сіздің нарығыңыз біз үшін үлкен қызығушылық тудырады және біз жыл сайынғы жеткізілім көлемін 3-4 млн.тоннаға дейін арттыруға дайынбыз, - деп атап өтті министр.
Тараптар алғашқы 100 мың тонна дәнді дақылдар мен майлы дақылдардың бірдей көлемін экспорттау туралы алдын ала уағдаласты. Партияның шоғырлануы үшін жауапкершілік корпорацияға жүктеледі.