Қытай қазағы сүйектен түрлі бұйымдар жасайды

21 Ақпан 2024, 16:06
1033
Бөлісу:
Қытай қазағы сүйектен түрлі бұйымдар жасайды
Фото: people.cn

Шыңжаңда тұратын қандасымыз қазақтың сүйек өңдеу өнерімен айналысады. Ол Қытайдың Айдаһар жылына орай мерекелік бұйым жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ people.cn-ге сілтеме жасап.

Елжан Батырханұлы 30 жылдан бері қазақ ұлтының сүйек бұйымдарын жасау әдет-ғұрыптарына мұрагерлік етіп келеді. Он саусағынан өнер тамған Елжанның қолынан шыққан жүздеген сүйек бұйымының формасы ерекше, түсі қанық. Бұйымдар Үрімжі, Санжы сияқты жерлерге сатылып жүр.

Қытай қазағы сүйектен түрлі бұйымдар жасайды

Биыл - Айдаһар жылы. Мен біраз айдаһар ойдым. Айдаһар дәстүрлі Қытай мәдениетінде бақты, ұзақ өмірді, бақыт пен байлықты бейнелейді. Айдаһар жақсылықтың символы болып, ол сәттілік, денсаулық және бақыт ала келеді, - дейді Шыңжаңның Мори ауданындағы сүйек оюының материалдық емес мәдениет мұрагері Елжан Батырханұлы.

Елжанның сүйек ою студиясында айдаһарлардан бөлек, инеліктер, шарап бөтелкелері, ілгіштер және басқа да қолөнер бұйымдары бар.

Қытай қазағы сүйектен түрлі бұйымдар жасайды

Сүйектерді ою үшін қолөнерші сиыр, қой, жылқы сияқты жануарлардың сүйектерін пайдаланады.

Әулетімізде атамнан бастап сүйек оюымен шұғылданамыз. Мен 18 жасымнан бастап әкемнен сүйек оюды үйрендім. Алғашында қарапайым сандық, кереуеттер, пышақ тұтқалары сынды бұйымдарды жасадым. 1990 жылдардың аяғынан бастап қолөнер бұйымдарын оюды бастап, өз туындыларымды туыстарым мен көршілеріме сыйға тартатын едім. Кейінірек мен қайда барсам да сүйектерді жинап алып, сүйек оя бастадым, - дейді қандасымыз.

Өзгелердің жаңалығы