Қытай Орталық Азия шиесін тұтынудың ең ірі нарығына айналды

26 Маусым 2024, 14:01
341
Бөлісу:
Қытай Орталық Азия шиесін тұтынудың ең ірі нарығына айналды
Фото: pexels.com

Жақында Душанбеден Үрімжіге 645 келі Тәжікстанның шиесі әуе тасымалымен әкелінді, деп хабарлайды BAQ.KZ people.cn-ге сілтеме жасап.

Жыл сайын мамырдан маусымға дейін Тәжікстан, Өзбекстан және басқа да елдерде өндірілетін шиелер өзінің жемісі мол, балғын әрі шырынды болу ерекшелігімен қытайлық тұтынушыларды қызықтырады. Шие жемісі ішкі нарыққа әуе жүк тасымалы арқылы жеткізіледі. Қазіргі уақытта Қытай Орталық Азия шиесінің ең ірі тұтыну нарығына айналды.

Мәліметтерге сәйкес, Үрімжі әуе порты импортталатын жемістерге арналған арнайы порт ретінде қысқа уақытта, жылдам кедендік рәсімдеуді жүзеге асыру артықшылықтарына ие. 

Үрімжі Дивопау әуежайының кедені кедендік рәсімдеу мерзімін қысқартып, шиенің ішкі нарыққа шығуын қамтамасыз ету үшін "импортталған жаңа піскен жемістердің арнайы авиация желісін" ашты. Сол сияқты "жаңа және шұғыл" тауарлар үшін "жасыл арнаны" іске қосып, белсенді түрде қолдау көрсетті.

Биыл Үрімжі әуе портынан елге 4 тоннадан астам тәжік шиесі келді. "Бір белдеу, бір жол" бастамасының үздіксіз ілгерілеуімен Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Пәкістаннан келген жаңа піскен шие Қытайға "кіру билеттеріне" ие болды.

Өзгелердің жаңалығы