Қытайдың Сиань қаласы 18-19 мамыр күндері «Қытай-Орталық Азия» саммитін өткізуге қызу дайындалып жатыр. Бұл ауқымды іс-шара Қытай мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың жаңа жоспарын белгілеп, ынтымақтастықтың жаңа дәуірін ашады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сиань қаласында жергілікті және шетелдік журналистерге арналған баспасөз орталығында саммитке дайындық тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтті. Брифинг спикерлері саммит аясында қандай іс-шаралар өткізу жоспарланып отырғанын бөлісті.
Қытай мен Орталық Азия – стратегиялық серіктестер
«Қытай-Орталық Азия» саммиті Қытай мен аймақ елдері арасындағы стратегиялық өзара сенімді тереңдетуге көмектеседі. Қытай мен Орталық Азия бестігі – тату көршілер және жан-жақты стратегиялық серіктестер. Соңғы 10 жылда Си Цзиньпин мен бес мемлекет басшыларының стратегиялық басшылығымен ынтымақтастықта бірқатар тарихи және серпінді жетістікке қол жеткізілді. 2022 жылдың басында Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына арналған бейне саммит өтті.
2022 жылғы қыркүйекте Си Цзиньпин Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 22-ші отырысына қатысып, Қазақстан мен Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барып, Орталық Азия елдерінің басшыларымен кездесулер өткізді. Алдағы саммитте алты мемлекеттің басшылары Қытай мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастардың дамуын қарастырып, Қытай-ОА механизмін құру, әртүрлі салалардағы ынтымақтастық, өзара мүдделі халықаралық және аймақтық маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасады.
Саммитте ҚХР басшысы Си Цзиньпин баяндама жасап, Қытай-Орталық Азияның ортақ тағдыры қоғамдастығын құрудың маңыздылығын айтып береді. Сонымен қатар жаңа бастамалар көтеріп, әрі қарайғы серіктестіктің бағытын айтып, оны жүзеге асыру үшін жоспарларды баяндайды.
Саммит. Қандай іс-шара өтеді?
Саммит аясында 20-дан аса іс-шара өткізіледі. Сонымен қатар Қытай төрағасы Си Орталық Азия басшыларымен көпжақты түрде саммиттің дөңгелек үстеліне төрағалық етеді. Одан кейін құжаттарға қол қойылып, тілшілермен кездесу өткізіледі. Сондай-ақ лидерлер «достық ағашын» отырғызады.
Онымен қоса Орталық Азия елдерінің басшыларымен бірге концерттік іс-шараға қатысып, мәдениет және өнер жылы мен жастар фестивалін ашады. Сонымен қатар Қытай басшысы 4 елдің президенттерімен, атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшыларымен олардың мемлекеттік іс-сапары аясында екіжақты келіссөздер жүргізеді. Бұл барлық стратегиялық қатынастың жаңа мазмұнды толықтырады.
Алты елдің лидерлері саммитте механизмді құру, ынтымақтастықты дамыту және қызығушылық тудыратын бірлескен сұрақтары бойынша ойларын ортаға салады. Сонымен бірге стратегиялық өзара сенімді нығайту және жетекші ынтымақтастықты дамыту бойынша консенсусқа қол жеткізіледі. Сауда, инвестиция, өзара байланыс сияқты салаларды қамтитын бірқатар маңызды құжатқа қол қойылуы қарым-қатынастарымызға жаңа мазмұн әкеледі, - деді брифинг спикері.
Бизнес, халықаралық сауда
19 мамырда түскі астан кейін жалпы даму үшін құрылтай жиналысы өтеді. Ашылу салтанаты, сонымен қатар мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері шақырылатын тақырыптық талқылаулар болады. Оған 400-ден аса адам катысады.
Өткен жылы Си Цзиньпин дипломатиялық қарым-қатынасқа арналған бейне саммитке төрағалық етіп, Қытай-Орталық Азия ортақ тағдыры қауымдастығын жариялаған болатын. Енді алдағы саммитте көшбасшылар жаңа бағыт беріп, жаңа жоспар құрастырады, бұл әрі қарай дамуға, әсіресе бизнес қауымдастығына бағдар береді.
Сонымен қатар панельді сессияларда энергетика, жасыл экономика, өңірлік өзара байланыс және «Біл белдеу, бір жол» бастамасының жоғары сапалы құру тақырыптары талқыланады. Оның аясында нақты жобалар ұсынылады.
Жемісті ынтымақтастық
Қытай мен Орталық Азия елдері ұзақ жылдар бойы өзара сыйластық, тату көршілік, достық, қиын-қыстау кезеңде өзара көмек көрсету және өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қарым-қатынастарды дамытып келеді.
Қытай мен Орталық Азия елдерінің әртүрлі салалардағы ынтымақтастығы өз жемісін беріп, нәтижелерге қол жеткізіп жатыр.
2013 жылы Қытай жаһандық дамудың жаңа қозғаушы күшін құру үшін «Белдеу және жол» бастамасын бастады. Орталық Азияның барлық бес елі осы бастама аясында ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды. Бұл бастама 2013 жылы ҚХР басшысының Астанаға жасаған іссапары кезінде ұсынылған болатын.
Қытай - Орталық Азия елдерінің ең ірі сауда серіктесі. 2022 жылы Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы сауда көлемі рекордтық көрсеткішке жетіп, 70 миллиард АҚШ долларын құрады.
Орталық Азия елдерінен Қытайға бидай, соя, жеміс-жидек, кептірілген жемістер, сиыр және қой еті сияқты жоғары сапалы ауылшаруашылық өнімдері импортталады.
2022 жылдың соңындағы жағдай бойынша 65 мыңнан астам пойыз Қытай-Еуропа теміржол жүк бағыттары бойынша құны 300 млрд АҚШ долларын құрайтын жүктерді тасымалдады.
Барлық жүк пойызының 80 пайызға жуығы Орталық Азия елдері арқылы өткен.
2020 жылдың басында Қытайды COVID-19 індеті басып алды. Қытайда індетке қарсы құралдар жетіспейтін жағдайда Орталық Азия елдері оған көмек қолын созды.
Кейін пандемия Орталық Азия елдеріне тараған кезде, Қытай аймақтағы бес елге вируспен күресуге көмектесу үшін 57,1 миллион доза вакцина берді.
2004 жылдан бері Қытай Орталық Азия елдерінде 13 Конфуций институты мен 24 Конфуций кабинетін ашты, оларда қазіргі уақытта 18 мыңнан астам студент оқиды.
2010-2018 жылдар аралығында Қытайда оқитын Орталық Азия студенттерінің саны 11 930-дан 29 885-ке өсті. Орташа жылдық өсу қарқыны 12,33 пайызға жетті.
Қытай Орталық Азия елдерінен келген студенттер үшін шетелде оқу үшін ең таңдаулы және таңдаулы бағыттардың біріне айналды. Қытайда оқитын Орталық Азия студенттерінің саны COVID-19 пандемиясынан кейін күрт өсті.
«Қытай-Орталық Азия» саммиті 18-19 мамырда Сиань қаласында өтетінін еске сала кетейік.
Саммитке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қатысады. Форумға ҚХР төрағасы Си Цзиньпин төрағалық етеді.
Бұл алты ел басшыларының 31 жыл дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бергі алғашқы бетпе-бет кездесуі болмақ.