Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы онлайн форматта өтіп жатқан «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитте ҚХР төрағасы Си Цзиньпинь айтты.
Вирус шекараға қарамайтынын тағы бір рет дәлелдеді. Адамзаттың тағдыры ұқсас. Осыған байланысты Орталық Азия мемлекеттеріне вакцина және эпидемияға қарсы құралдарды тасымалдауға, сонымен бірге оған қарсы тұратын дәрі-дәрмектерді бірлесе дайындауды кеңейтуге дайынбыз, - деді ол.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпинь биыл Қытай Орталық Азия мемлекеттеріне вакцина тасымалдауды жалғастыратынын жеткізді.
2022 жылы Қытай Орталық Азия елдеріне гуманитарлық көмек ретінде қосымша 50 млн доза вакцина бөледі. Сондай-ақ қажет ететін Орталық Азия мемлекеттерінде Қытай медициналық орталығын ашады, - деп толықтырды ҚХР басшысы.