Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай Tianxing-1 эксперименттік спутнигімен Kuaizhou-1A зымыран тасығышын сәтті ұшырды. Аппарат жер төңірегіндегі ғарыш кеңістігін зерттеуге арналған. Бұл туралы Қытайдың Орталық телевидениесіне сілтеме жасап TACC хабарлады.
Зымыран жергілікті уақыт бойынша 10:08-де Ганьсу провинциясындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан ұшырылды. Спутник берілген орбитаға шықты. Хабарламада айтылғандай, ұшыру сәтті өтті.
Үш сатылы Kuaizhou-1A зымыран тасығышы бір ұшыру кезінде 4-тен 6-ға дейін спутникті шығара алады. Зымыран төмен жер орбитасына 300 килограмға дейін, ал Күн синхронды орбитасына 250 килограмға дейін жүктеме жеткізе алады.
Сәуір айында Қытай қоршаған ортаны бақылау үшін Gaofen-3-03 спутнигін орбитаға сәтті шығарды.
Наурызда Қытай гибридті отынмен жұмыс істейтін алғашқы зымыранды ұшырды. Long March 6A оттегі-керосин отынын пайдаланады.