Қытай мектебіндегі білім: балалар 400 пән оқиды

31 Тамыз 2019, 14:34
18302
Бөлісу:
Қытай мектебіндегі білім: балалар 400 пән оқиды
PHOTO VIDEO
Фото: автордан

ҚХР, Чэнду, BAQ.KZ тілшісі. Қытайдың қалаларына турға шыққан қазақстандық оқушылар кеше Чэнду қаласындағы Tang Wai халықаралық мектебіне барды.

WhatsApp Image 2019-08-31 at 05.51.15 (1).jpeg

WhatsApp Image 2019-08-31 at 05.50.34.jpeg

Таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін білім беретін халықаралық мектепте оқу үшін ата-ана жылына әр балаға 30-32 мың юань (168-175 мың теңге) аралығында ақы төлеу керек. Мектеп басшысы Huang Bo мырзаның айтуынша, балалар 400 пәнді оқып, осындағы жатақханада қалады.

WhatsApp Image 2019-08-31 at 05.51.12.jpeg

«Біздің мектеп 2003 жылы салынды. Кешенді мектеп: балабақша, бастауыш, орта және жоғары мектеп бар. Оқушылар осындағы жатақханада тұрады. Сабақтан кейін де қосымша пәндері бар. Сонда барлығын қосқанда 400 пән бар. Мәдениеттің барлық аспектісі, спорттың бірнеше түрі: футбол, баскетбол т.б., музыкадан заманауи және дәстүрлі қытай аспаптарында ойнау секілді басқа көптеген қабілетті меңгере алады. Мектепте балалар екінші қосымша пән таңдай алады. Олар аптасына екі рет 1,5-2 сағат айналыса алады. Әр сыныптың оқу кестесі әртүрлі. Бастауыш сынып таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін білім алады. Алаңдаудың қажеті жоқ. Себебі осы жерде тамақтанады. Кешкі астан кейін өздігінен тағы оқиды», - деді мектеп директоры.

WhatsApp Image 2019-08-31 at 05.51.14.jpeg

Ағылшын тілін үйрену – міндетті пән. Бұдан басқа бірнеше тіл үйретеді. Халықаралық мектептермен тәжірибе алмасады. Қазақстандық оқушылар алғаш рет келіп тұр.

WhatsApp Image 2019-08-31 at 05.51.06.jpeg

«Мектепте барлығы 7 мың оқушы білім алады. Халықаралық мектеп болғандықтан, ағылшын тілі – міндетті пән. Бұдан бөлек француз, неміс, араб, жапон, орыс тілдерін оқиды. Басқа шетелдік мектептермен келісімге қол қойып, тәжірибе алмасамыз. Қазақстандық оқушылар бірінші рет келіп тұр. Бірақ болашақта қазақстандық оқушылар мен мұғалімдер келеміз десе, есік ашық», - деді мектеп басшысы.

WhatsApp Image 2019-08-31 at 05.50.35 (1).jpeg

WhatsApp Image 2019-08-31 at 05.50.35.jpeg

WhatsApp Image 2019-08-31 at 05.51.03.jpeg

Қазақстандық оқушылар қытай балаларымен каллиграфия жазып, қағаз қиюды үйренді. Шай құю өнерімен де танысты.

WhatsApp Image 2019-08-31 at 05.51.08.jpeg

WhatsApp Image 2019-08-31 at 05.51.07.jpeg

«Бүгін сіздер үшін каллиграфия, шай өнері және қағаз қиюды көрсеттік. Қытайда мыңжылдық тарихы бар каллиграфия, қағаз қию мәдениетін көрсеткіміз келді. Ал үшінші – шай беру. Қытайлықтар Жібек жолының бойымен сауда жасағанда өзге ұлттармен қарым-қатынас орнытып, сыйластық білдіруінен шай өнері шыққан», - деді ол.

WhatsApp Image 2019-08-31 at 05.51.04.jpeg

WhatsApp Image 2019-08-31 at 05.51.05.jpeg

Қытай тілін 2 жылдан бері үйреніп жүрген №26 мектеп-гимназиясының оқушысы Каштаева Елдана мектептен шыққаннан кейін алған әсерімен бөлісті.

«Балалары өте мейірімді, ал мұғалімдері жақсы түсіндіреді екен. Кабинеттері де жақсы, әдемі жабдықталған. Достарыма, маған да осы сапар қатты ұнап жатыр. Себебі біз қытай тілінде сөйлесіп жүрміз. Тіл үйренуде ортаға түсудің маңызы зор. Міне, бізге үлкен мүмкіндік болды. Тек тамағы ащы, бірақ дәмді. Егер болашақта Қытайда білім алып жатсам, тамағына үйреніп кетемін деп ойлаймын», - деді 8-сынып оқушысы.

WhatsApp Image 2019-08-31 at 05.51.16.jpeg

Елордадағы №26 мектеп-гимназиясының директоры Қарлығаш Жанғазақова білім саласында жүрген маман болғандықтан, ұстаздан екі елдің білім жүйесіндегі айырмашылықты және қандай артықшылығы барын сұрадық.

«Қытай мектебінде бағалаудың 2 түрі бар екен. Адамның ортаға бейімделуін, оның қоршаған ортаға деген сыйластық, қарым-қатынасын, адами құндылығын бағалайды. Мысалға, оқушыға 100 балл береді, егер тәртібі нашар болса, бірдеңе бүлдірсе, сол 100 балдан шегеріліп отырады. Ал, егер керісінше болса, балын көбейтеді. Бала себепсіз сабақтан қалмайды, өз досын балағаттамайды, ренжітпейді, жақынына көмектесуге үйретеді. Екінші критерий бойынша баланың білімі бағаланады. Сонда білім мен қоса бала жақсы баға үшін тәртібін де өзі қадағалайды», - деді ол.

WhatsApp Image 2019-08-31 at 05.51.08 (1).jpeg

WhatsApp Image 2019-08-31 at 05.51.09.jpeg

Мектеп директоры балаларға көрсетілген өнердің ерекше мәні бар дейді.

«Сосын жаңа каллиграфия сабағы өтті. Қазір балалар қалам ұстауға ерінеді. Компьютермен жазған тез деп отырады. Ал қытайлар мыңжылдық тарихы бар өнерін дәріптеумен қатар, баланың қол моторикасын дамытып жатыр. Қылқалам ұстағанда сия ағып кетпес үшін тік отыр. Өзіндік техникасы бар. Осылайша, оның денесінің дұрыс жетілуін қамтып отыр. Қағаз қиюға келсек, ондай қағазды біз де еңбек сабағында балаларға қиғызамыз. Бірақ қытайлықтар сияқты арнайы пән ретінде өткізбейміз. Келген қонақтарға көрсеткеніне қарағанда, қағаз қию өнерінің маңызы бар», - деді Қарлығаш Жанғазақова.


Директор мұғалімдердің жалақысы мен жұмысқа қабылдайтын кездегі арнайы іріктеуден өтетінін ерекше атап өтті. Балалардың да мектепке түсуі өте қиын.

«Мектепке мұғалім қабылдағанда арнайы «емтиханнан» өтеді екен. Бізде көбіне педагокалық мамандықты ҰБТ-дан төмен балл алған балалар таңдайды. Ал бұларда мұғалім болу қиын. Бірінші қай университетті бітіргеніне қарайды, кейін білімін анықтау үшін тест тапсырады, соңында әңгімелесуден өтеді. Жұмысқа қабылданған мұғалім 700 мың теңгеге жуық жалақы алады. Ата-аналар мектепке жиі келмейді. Себебі олар баласына мұғалімді тыңдау, айтқанын екі етпеу, тәртіп бұзбау дегенді түсіндіріп жібереді. Олар баланы сеніп тапсырады. Сондықтан балалар өте тәртіпті және ата-аналарын жиі шақырмаймыз. Тек тоқсанына бір рет жиналысқа келеді. Баланы мектепке қабылдаудың да талабы қатаң. 2000 баладан 200 бала қабылдануы мүмкін. Яғни, мектепте тек дарынды бала оқиды. Ешқандай жеңілдік жоқ. Сабақты қанша жақсы оқыса да, жеңілдік жоқ. Тек еңбегімен білімін жалғастыра алады», - деп бөлісті қазақстандық ұстаз.

WhatsApp Image 2019-08-31 at 05.51.11.jpeg

WhatsApp Image 2019-08-31 at 05.51.13 (1).jpeg

WhatsApp Image 2019-08-31 at 05.51.13.jpeg

WhatsApp Image 2019-08-31 at 05.50.33.jpeg

Әрі қарай делегация Ченьчжоу қаласындағы шаолин монастырына барады.

Жалғасы бар...

Қазақстандағы Қытай елшілігінің ұйымдастыруымен бір топ оқушы ұстаздарымен еліміздегі «Жастар жылы» аясында Қытай турында жүр. Үрімші арқылы ұшқан делегация Шеньжень, Чэнду, Ченьчжоу және Бейжің қалаларын аралайды. Жас буын дамыған қалалардың жетістігін көріп, тарихы және мәдениетімен танысады. 3 мұғалім және 24 баланың саяхаты туралы ақпарат тарату мақсатында елшілік арнайы BAQ.KZ тілшісін шақырды.

Бұған дейін Қытайдағы турға шыққан оқушылар 2 қаланы аралағанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы