Жалған құжатпен әкелінген 150 млн теңгенің қытай көліктері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қадағалау органы жүргізген талдау барысында елімізге Қытай Халық Республикасында өндірілген құны 150 млн теңгеден асатын, экологиялық талаптарға сай келмейтін жүк автомобильдерін жалған құжаттар арқылы заңсыз әкелу арнасы анықталды, – делінген хабарламада.
Қылмыстық істі Бас көлік прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тергеп жатыр, кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.