Қытай кәсіпкерлері БҚО-дан киік мүйізін өндіретін зауыт ашпақ

11 Қыркүйек 2022, 15:20
1330
Бөлісу:
Қытай кәсіпкерлері БҚО-дан киік мүйізін өндіретін зауыт ашпақ

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Қытай компанияларымен кеңес өткізді. Кездесу барысында қытайлық кәсіпкерлер ақбөкендерді өсіретін орын ашуды ұсынды,  деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ киіктерді қорғай отырып, ғылыми зерттеу жүргізу арқылы аулауға мүмкін болатын мөлшерін талқылады.

Шараға бейнебайланыс арқылы Қытайдан инвестициялық қор, фармацевтикалық мәдениетті зерттеу қауымдастығы, ұлттық жабайы табиғатты сәйкестендіру орталығының өкілдері, жергілікті сала мамандары мен қоғам белсенділері қатысқан.

Кездесу барысында Қытай компаниялары жеке қаражат есебінен Батыс Қазақстан облысында киік өсіруге арналған орын ашуды ұсынды. Сол жердегі лабораторияда киіктің дериват (мүйізін) өңдеу зауытын орналастырып, біріккен мекеме ашу туралы жоспарларымен бөлісті. Өңір басшысы мәселені жан-жақты зерттеп, берілген ұсыныс қаралатынын жеткізді, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар киіктерді қорғай отырып, ғылыми зерттеу жүргізу арқылы аулауға мүмкін болатын мөлшерін талқылады. Өз кезегінде облыс әкімі шұғыл түрде киіктердің популяциясын реттеу бойынша тұжырымдама әзірлеуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы