Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қытай инвесторлары Қазақстанда көмірден газ өндіруді жоспарлап отыр

Бүгiн, 08:47
81
Бөлісу:
 Энергетика министрлігі
Фото: Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешовтың төрағалығымен көмір-химия өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отырысқа жетекші көмір кәсіпорындарының басшылары, соның ішінде «CHN Energy Development Co. Limited», «Самұрық-Энерго» АҚ, «Qarmet» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «QazaqGaz» Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС, «Еуразиялық топ» ЖШС және «Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы» қатысты.

Кеңес барысында қатысушылар көмір-химия саласын дамытуға бағытталған перспективалық бағыттарды талқылады, ірі жобаларды бағалады және саланы дамытудағы өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, «CHN Energy Development Co. Limited» көмір-химия кешенін салу және Shandong Energy Group көмірден газ өндіру жобалары қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша көмір химиясын дамыту жөніндегі жұмыс тобының құрамы жаңартылды. Қытай инвесторларымен бірлескен нақты жобалар мен көмір разрездері анықталды. Сондай-ақ саланың дамуын тежеп тұрған факторларды шешу бойынша іс-қимыл жоспары әзірленді.

Министрлік жұмыс тобын, инвесторларды және технологиялық серіктестерді тұрақты түрде жинап, жобалардың орындалуын қадағалайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы