Қытай халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық бастамасын көтерді

22 Қараша 2023, 22:02
568
Бөлісу:
Қытай халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық бастамасын көтерді
Фото: russian.news.cn

Қытай алғаш рет Чунцин қаласында «Белдеу және жол»аясында өткен ғылымжәне технология алмасу конференциясында халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастық бастамасын көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бастама ғылым мен технология саласындағы ашық, адал, әділ халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын «ғылымның шекарасы жоқ және бүкіл адамзаттың игілігі үшін қызмет етеді» деген қағиданы сақтай отырып дамытып, оны жүзеге асыруға және жаһандық ғылыми-техникалық қауымдастық құру үшін күш біріктіруге шақырады.

Бастама сондай-ақ жаһандық ғылыми-техникалық басқаруды жетілдіруге, зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды күшейтуге, технологиялық инновациялар саласындағы жаһандық ынтымақтастыққа және жаһандық инновациялық желіні құруға шақырады.

Бастамада технологиялық инновациялар саласындағы адамдар мен ресурстардың әлемде еркін қозғалысының, ынтымақтастық пен таланттар арасындағы алмасудың нығаюының маңыздылығына баса назар аударылады. Ол халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа барлық ел мен зерттеу ұйымының тең құқылы қатысуын қолдайды.

Бастама сонымен қатар технологиялық инновациялармен айналысатын ұйымдар арасында терең ынтымақтастық пен өзара оқытуды нығайтуды, осы саладағы жаһандық ынтымақтастықтың жаңа өзара тиімді және ұтымды үлгілерін іздеуді жақтайды, - деп жазды агенттік.

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде ғасырда бұрын-соңды болмаған маңызды өзгерістер жеделдеп, адамның дамуы барған сайын күрделі сынақтарға тап болып жатыр, - деді ҚХР Ғылым және технологиялар министрі Инь Хэцзюнь.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта адамзат қоғамы халықаралық ынтымақтастық пен ашық алмасуларға бұрынғыдан да көбірек мұқтаж және заманның сын-қатерлеріне төтеп беру және бейбіт дамуға жәрдемдесу үшін технологиялық инновациялардағы ынтымақтастық арқылы жаһандық мәселелердің шешімін іздеуі керек.

Конференцияда жарияланған ресми мәліметтерге сәйкес, Қытай «Белдеу және жол» бастамасы бойынша 80-нен астам серіктес елмен ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойды. Ол сондай-ақ денсаулық сақтау, көлік, материалтану және энергетика сияқты салаларда жұмыс істейтін «Белдеу және жол» аясында 50-ден астам бірлескен зертханалар салды, «Белдеу және жол» бастамасына қатысушы елдерде 20-дан астам ауылшаруашылық технологияларын көрсету орталықтары мен 70-тен астам өнеркәсіптік парк құрды.

Өзгелердің жаңалығы