Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қытай ғарышқа үш жаңа спутник ұшырды

9 Қаңтар 2023, 14:01
1310
Бөлісу:

Дүйсенбі күні Қытай Оңтүстік Қытайдың Хайнань провинциясындағы Вэньчан ғарыш айлағынан үш спутник ұшырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап жазды.

«Шицзянь-23», «Шиянь-22А» және «Шиянь-22Б» спутниктері Бейжің уақытымен 06:00-де «Чанчжэн-7» зымырантасығышының жаңартылған нұсқасының көмегімен ұшырылды және жоспарланған орбитаға сәтті шықты.

«Шицзянь-23» спутнигі ғылыми зерттеулер мен техникалық тексеру жүргізу үшін қолданылса, «Шиянь-22А» және «Шиянь-22Б» орбитада жаңа технологияларды сынақтан өткізуге пайдаланылады.

Бұл - «Чанчжэн» зымырантасығышының 459-ұшырылымы.

Өзгелердің жаңалығы