Қытай дәрігерлері жер сілкінгенде ота жасауды тоқтатпаған

26 Қаңтар 2024, 10:29
2101
Бөлісу:
Қытай дәрігерлері жер сілкінгенде ота жасауды тоқтатпаған
VIDEO
Фото: BAQ.KZ -архив

Қытайдың дәрігерлері 23 қаңтарда жер сілкінгеніне қарамастан ота жасауды жалғастыра берген видеосы тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

CGTN дәрігерлердің төтенше жағдайда науқасын тастап кетпей, ерлік көрсеткен видеосын жариялады.

Нағыз батырлар! Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Арал қаласының дәрігерлері 7,1 балдық жер сілкінісі кезінде нейрохирургиялық отаны ойдағыдай жасап шықты, - деп жазды қытайлық БАҚ.

people.cn-нің мәліметінше, 23 қаңтар Бейжің уақыты бойынша сағат 02:09-да Шыңжаңның Ақсу аймағы Үштұрпан ауданында 7,1 балдық жер сілкінісі болғанын еске сала кетейік. Жер сілкінісі салдарынан 3 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды. Сондай-ақ 12 426 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Қытайда болған жер сілкінісі Алматыда да сезіліп, 23 қаңтарда елорда уақыты бойынша сағат 00:09-да оңтүстік астанамызда жер сілкінді.

Оқиға хронологиясын мына жерден оқуға болады. 

Бүгін Алматы маңында 4 рет жер асты дүмпуі болды.

Барлық афтершоктың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай Қытай аумағында орналасқан.

  • 03:11 – Алматыдан 276 км; Магнитудасы – 4.6; Тереңдігі – 10 км.
  • 04:38 – 283 км от Алматы; Магнитуда – 4.9; Тереңдігі – 15 км.
  • 06:17 – Алматыдан 275 км; Магнитудасы – 4.5; Тереңдігі – 10 км.
  • 07:14 – Алматыдан 272 км; Магнитудасы – 4.5; Тереңдігі – 5 км.
Өзгелердің жаңалығы