Қытай дәрігерлері адамға доңыз бауырын салды

27 Мамыр 2024, 20:32
467
Бөлісу:
Қытай дәрігерлері адамға доңыз бауырын салды

Қытай дәрігерлері бауыр обырына шалдыққан науқасқа доңыздың генетикалық түрлендірілген бауырын салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Аньхой медицина университеті ауруханасының баспасөз қызметі мәлімдеген.

Ақпарға қарағанда, доңыздың бауыры 71 жастағы науқасқа салынған. Мамандар оның жағдайы қалыпты, операциядан кейін денсаулығында еш өзгеріс туындаған жоқ дейді.

Айта кетейік, қытай ғалымдары доңыздан адамға ксеногендік бауыр трансплантациясын әлемде бірінші болып жасап отыр.

Өзгелердің жаңалығы