Қытай билігі COVID-19 жұқтыру деректерінің өсуіне алаңдауда

15 Наурыз 2022, 05:35
1263
Бөлісу:
Қытай билігі COVID-19 жұқтыру деректерінің өсуіне алаңдауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай билігі елдің кейбір аймақтарында COVID-19 жұқтыру деректерінің өсуіне алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

ҚХР Мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті коронавирус инфекциясының өсуі туралы хабарлады. Өткен тәулікте Қытайда 1,9 мыңнан астам жедел түрдегі коронавирустық инфекциямен ауыратындар және 1,4 мыңнан астам COVID-19 асимптоматикалық жағдайлары анықталды. 

Елдің сыртқы байланыстардан толығымен бас тартқанын ескерсек, бұл өте үлкен көрсеткіш. Эпидахуалдың күрделенуі миллиондаған адамдардың карантинге жіберілуіне және Шанхайдағы мектептердің жабылуына, сондай-ақ бірнеше қалаларда локдаунның енгізілуіне әкелді. Қазір ел екі жылдың ішіндегі ең ауыр өршу кезеңімен күресуде.

Өзгелердің жаңалығы