Қытай БАҚ-тары Си Цзиньпиннің Қазақстанға іссапары жайлы не жазып жатыр

2 Шілде 2024, 16:20
1316
Бөлісу:
Қытай БАҚ-тары Си Цзиньпиннің Қазақстанға іссапары жайлы не жазып жатыр
PHOTO
Фото: Ақорда

Қазақстанға ресми сапармен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келді. Қытай көшбасшысын Астана әуежайынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Қытай БАҚ-тары іссапар жайлы не жазып жатқанына шолу жасап көрейік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен және ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысу үшін келді. 

ҚХР төрағасының іссапары жайлы қытайлық БАҚ-тар жарыса жазып жатыр.

CGTN телеарнасы YouTube арнасында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсы алған сәтін тікелей эфирден көрсетті. Телеарна қонаққа сарапшыны шақырып, тікелей эфирде екі елдің ынтымақтастығы жайлы сұқбат жүргізді.

Қытай БАҚ-тары Си Цзиньпиннің Қазақстанға іссапары жайлы не жазып жатыр


Сонымен қатар Синьхуа ақпарат агенттігі де іссапардан ақпараттар таратты.

Қытай БАҚ-тары Си Цзиньпиннің Қазақстанға іссапары жайлы не жазып жатыр

Төраға Си Цзиньпин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысуға және Қазақстанға мемлекеттік сапар жасау үшін Астанаға келді, - деп жазды қытайлық БАҚ.

Сондай-ақ Синьхуа Си Цзиньпин әуежайдан қонақ үйіне көлікпен бара жатқанда, Қытай қаржыландыратын жергілікті кәсіпорындардың өкілдері жолдың екі жағында Қытай мен Қазақстанның мемлекеттік туларын желбіретіп, «Төраға Си Цзиньпинді Қазақстанда шын жүректен қарсы аламыз» деген жазулары бар баннерлерді ұстаған азаматтардың фотоларын жариялады.

Қытай БАҚ-тары Си Цзиньпиннің Қазақстанға іссапары жайлы не жазып жатыр

Оған қоса әріптестеріміз сайтында қазақстандық жеткіншектер «Туған жерді жырлау» атты қытай әнін шырқағаны жайлы жазып, видеоның үзіндісін жариялады. 

Қытай БАҚ-тары Си Цзиньпиннің Қазақстанға іссапары жайлы не жазып жатыр

Ал "Жэньминь жибао" газетінің қазақша нұсқасы Астана көшелерінде қазақ-қытай тулары желбірегенін атап өтті.

Қытай БАҚ-тары Си Цзиньпиннің Қазақстанға іссапары жайлы не жазып жатыр

Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, 3-4 шілде күндері елордада Астана саммиті өтеді.

Өзгелердің жаңалығы