Қытай аумағында жер сілкінді

19 Ақпан 2024, 10:26
3127
Бөлісу:
Қытай аумағында жер сілкінді
Фото: depositphotos.com

19 ақпанда Төтенше жағдайлар министрлігінің "ННЦСН" және "I" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 605 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,1. Магнитудасы MPV 4.7.

Эпицентр координаттары – 41.98 с.е., 84.08 ш.б. Тереңдігі – 10 км.

Қазақстан аумағында сезілу туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Өзгелердің жаңалығы