Баланы автобустан қуып шыққан кондукторлар енді жазаға тартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осыған дейін елде жол ақысын төлемеген жеткіншектерді аялдамадан түсіріп кету оқиғалары тіркелген еді.
Осы тұста, балаға тиын-тебен бермеген ата-ана кінәлі ме? Жол ақысын жоғалтып, жасөспірім жаңылды ма? Я тас қараңғыда далаға тастаған жүргізушіде жүрек жоқ па?, - деп жиі даурығатынбыз. Бұл мәселеге бүгін мәжілісте нүкте қойылды.
"Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасына" тағы қандай өзгерістер енді?!
"Қысқа-нұсқа" айдарын қараңыз!