Қысқа дейін өзгеретін барлық заң өзгертілуі керек – Серік Ақылбай

30 Тамыз 2022, 13:56
1298
Бөлісу:
Қысқа дейін өзгеретін барлық заң өзгертілуі керек – Серік Ақылбай

«Қазақстан заңгерлері одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай «Желмаяға» берген сұхбатында заңның толық өзгеруі не үшін қажет екенін айтты деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Биылғы қысқа дейін өзгеретін барлық заң өзгертілуі керек. Бүкіл заң жұмыс істеуі керек. Нақты өзгеретін 31 бап бойынша үлкен жұмыс жасалады. Ол тек саяси емес, әлеуметтік заңға да, барлық заңның түріне әсер ететін өзгерістер. Жаңа Қазақстан деген сол, - деді Серік Ақылбай. 

Сондай-ақ спикер халық Жаңа Қазақстанның не екенін заңдарды соңына дейін өзгертіп, Парламентке өзгерістер енгізіп, Конституциялық сот болып, адам құқығы жөніндегі омбудсменнің деңгейін конституциялыққа дейін көтерген соң сезіне бастайтынын айтты. Осы орайда, конституциялық соттың да маңызын атады.  

Сот туралы заң 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастайды. Яғни оған дейін заң толық дайын болуы керек. Ал әзірге конституциялық кеңестің жұмысы жалғасып жатыр. 1 қаңтардан бастап конституциялық сот жұмысқа кіріседі. Нақты өзгерістер болады. Соны халық сезіне бастайды, - деді «Қазақстан заңгерлері одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.   

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы тамашалай аласыз.     

Өзгелердің жаңалығы