Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қыркүйекте мемлекеттік тілді бүлдіршіндерге үйрететін жоба іске қосылады

Олжас АДАЙ
12 Тамыз 2025, 11:45
814
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылында мемлекеттік тілге бағытталған жобалар іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің мәлімдеуінше, биылғы қыркүйектен бастап 135 балабақшада 7 мыңнан астам бүлдіршіннің мемлекеттік тілді қолдану дағдысын арттырған "Тілге бойлау" және ата-аналарға 5 жасқа дейінгі балаларды үй жағдайында дамытуға көмектескен "Беске дейін үлгер" жобалары мектепке дейінгі білім беру деңгейінде республика бойынша іске қосылады.

Мемлекеттік тілде сөйлемейтін ұжым болса да, аталар мен әжелер болса да, бұл жобаға ерекше қызығушылық танытып, оң нәтиже бере бастады. Қыркүйектен бастап барлық балабақша мен мектептерге "Тілге бойлау" бағдарламасы енгізіледі, – деді Ғани Бейсембаев.

Өзгелердің жаңалығы