Қырғызстаннан елге 5 млн теңгенің темекісін кіргізбек болғандар ұсталды

20 Сәуір 2023, 11:18
723
Бөлісу:
Қырғызстаннан елге 5 млн теңгенің темекісін кіргізбек болғандар ұсталды
Фото: ҰҚК

Қырғызстаннан Қазақстанға 20 160 қорап түрлі маркадағы темекі өнімдерінің ірі партиясын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

14 сәуірде шекарашылар Жамбыл облысының «Сыпатай батыр» өткізу пунктінде Қырғызстан Республикасынан Қазақстан Республикасына 20 160 қорап түрлі маркадағы темекі өнімдерінің ірі партиясын заңсыз алып өтудің жолын кесті, - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Алдын ала есеп бойынша тауар кұны шамамен 5 400 000 теңге.

Анықталған жүк процессуалдық шешім кабылдау үшін Меркі ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырылды.

Сонымен катар, 2023 жылғы сәуір айының 14-і мен 17-сі күндері Шекара қызметі Жамбыл облысының «Ақсу» және «Кеңес» шекара бөлімшелерінің учаскелерінде Мемлекеттік шекараны бұзған Қырғызстанның 3 азаматы ұсталды. Ұсталғандарға катысты тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы