Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қырғызстанда жер сілкінді

Бөлісу:
 lypgs.com
Фото: lypgs.com

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, 6 қаңтар күні ел аумағында магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

24kg басылымының жазуынша, жерасты дүмпулері 6 қаңтар сағат 01:37-де тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғыз Республикасының аумағында, Ферғана жотасы маңында орналасқан. Атап айтқанда, ол Жаз-Кечуу ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым, Косо-Терек ауылынан шығысқа қарай 18 шақырым және Манас қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 60 шақырым қашықтықта болған.

Жаз-Кечуу, Косо-Терек және Қызыл-Үңкүр елді мекендерінде жер сілкінісінің күші 2,5 баллды құрады. Қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Өзгелердің жаңалығы