Қырғызстанда ұсталған қазақстандыққа қатысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биыл 2 мамырда Бішкек қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Қырғыз Республикасы полиция қызметкерлерімен өзара іс-қимылы кезінде ҚР ҰҚКК-мен бірлесіп күдікті ұсталды.
Еске салайық, былтыр қыркүйек айында ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігі "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Қазір күдікті заңда белгіленген тәртіппен қамауға алынды. Экстрадиция мәселесі шешіліп жатыр. Ұсталған адамның басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.