Қырғызстанның бірнеше облысында қар еріп, толассыз жауын жауған соң сел жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елдің төтенше жағдайлар министрлігі таратқан дерекке сәйкес, Жалал-Абад облысы Чатқал ауданы Қаныш-Қия айыл аймағының Жаңа-Базар, Айғыр-Жал және Құрылыс ауылдарында, Нарын облысы Ат-Башы ауданы Баш-Каинди айыл аймағына қарасты Талды-Суу ауылын су шайған.
Сондай-ақ қырғыз-қазақ шекарасындағы "Қарқара" бақылау-өткізу бекетін де су басқаны белгілі болды.
Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, тасқын су өзен арнасынан асып, тұрғын үйлердің ауласына дейін кірген.
Қазіргі уақытта тасқын судың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ТЖМ жедел тобы апат болған жерлерде күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқаны айтылды.