Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері арнайы бортпен жеткізілді

1 Шілде 2024, 09:17
1973
Бөлісу:
Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері арнайы бортпен жеткізілді
PHOTO
Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ош облысының Ноокат ауданындағы ауыл тұрғындар мен туристер арасында қаза тапқандар ішінде Шығыс Қазақстанның балалары да бар. Қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен туыстарына қонаққа барған. Туристік аймаққа түскен селдер кішкентай шығысқазақстандықтардың өмірін қиып, өңірдің барлық тұрғыны үшін қайғылы жағдайға айналды.

Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері арнайы бортпен жеткізілді

Бүгін қаза тапқандардың денелерін Өскеменге арнайы бортпен жеткізді. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметтерінің мамандары жұмылдырылды.

Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері арнайы бортпен жеткізілді

Өңір басшысы Ермек Көшербаев қаза тапқандардың туыстарымен кездесті. Осы қиын күндерде жергілікті атқарушы органдар мен «Халифа Алтай» мешітінің қызметкерлері жерлеу рәсімін ұйымдастып, өткізуді өз мойындарына алды. Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері арнайы бортпен жеткізілді

Әкімдік қызметкерлері мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары қайғылы оқиғаға байланысты туыстарына көңіл айтты.

Өзгелердің жаңалығы