Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді

2 Қараша 2024, 11:29
359
Бөлісу:
Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді

ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 02 қарашада Астана уақытымен 10 сағат 50 мин жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан.

Есептік қарқындылығы (баллмен) 2 балды құраған жер сілкінісі Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдарында (таулы аймақтар) сезілген.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

 

Өзгелердің жаңалығы