Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

27 Ақпан 2023, 08:40
1069
Бөлісу:
Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Фото: pixabay.com

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Алғашқы дүмпу 27 ақпан күні Алматы уақытымен 03 сағат 42 минут 15 секундта тіркелді.

Зілзала эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 12,2. MPV тербелісі – 5,9. Тереңдігі – 15 шақырым.

Екінші жер сілкінісі 05 сағат 58 минут 05 секундта болды. 

Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай Халық Республикасының шекарасында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 12,1. MPV тербелісі – 5,6. Тереңдігі – 10 шақырым. 

Өзгелердің жаңалығы