Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бұдан былай құқықтық ақпаратты тәулік бойы алуға болады

4 Ақпан 2019, 14:24
3416
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Бұдан былай құқықтық ақпараттық қызмет тәулік бойы үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істейді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"2019 жылғы 3 қаңтардан бастап құқықтық ақпараттық қызмет тәулік бойы үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істейді. Қазақстан бойынша 119 нөміріне, Астана және Алматы қалаларынан 58-00-58 нөміріне қоңырау шалуларыңызға болады" - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы