Қыңсылайтын жылқы болмайды. Сүлеймен патриот болудағы ең басты құндылықты атады

20 Қараша 2022, 18:15
1058
Бөлісу:
Қыңсылайтын жылқы болмайды. Сүлеймен патриот болудағы ең басты құндылықты атады

Тіл дұрысталмай, патриотизм болмайды.  Qazaqstan Team Республикалық қоғамдық жастар ұйымының жетекшісі Олжас Сүлеймен осылай деп мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ең бірінші мәселе – тіл. Біріншіден, біз ешқашан қыңсылайтын жылқыны көрген жоқпыз, жылқы кісінейді. Сол сияқты ит мияуламайды, ит үреді. Сондықтанда әр адам өз тілінде сөйлеуі керек. Екіншіден, әр нәрсе отбасынан басталады. Мен болашақ бағдарламасымен оқуға кетер кезде әкем маған «балам ит – тойған жеріне, ер – туған жеріне» деді. Егерде сол барған жеріңде қалып қойсаң, «мен сені өзім барып атып тастаймын»  деп айтқан еді. Бұл дұрыс тәрбие деп ойлаймын. Әкеміздің ұрысқанынан адам болып, жетіліп жатырмыз, – деді ол «Біздің ел – біздің таңдау» онлайн марафоны барысында.

Спикердің айтуынша, отанды сүю – отбасынан басталады.

Үшіншіден, сізді жеті рет Гарвардқа барып оқытсада, табиғат бермеген, тегі бермеген нәрсені, былайша айтқанда есекті тұлпар қыла алмайсыз. Бәрі отбасындағы тәрбиеге байланысты, – дейді Олжас Сүлеймен.

Өзгелердің жаңалығы