Қылқалам ұшындағы көктем

10 Наурыз 2023, 19:50
1530
Бөлісу:
Қылқалам ұшындағы көктем
PHOTO
Фото: автордан

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Көктем өрнегі» көрмесі өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.

Көрмеге Қазақстанның кескіндеме және сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің туындылары қойылған.

Қылқалам ұшындағы көктем

Әз-Наурыз – жаңару мен жаңғырудың бастауы. Көремге музей қорындағы тамаша туындыларымыз таңдалынып алынды. Қарап отырсаңыздар  қазақ халқының ұлттық ою-өрнектері, тұрмыс-тіршілігі шебер бейнеленген. А. Ғалымбаеваның «Қуанышты күн» туындысында қазақ қызының бейнесі айшықталған. Бұдан бөлек «Айтыс», «Наурыз», «Жайлауда» атты туындыларға көз тастасаңыз дархан даланы, қонақжай қазақ халқын көруге болады. Сондай-ақ, көрменің сәнін келтіру мақсатында зергерлік бұйымдар мен торсық-тосағандарды да қойып қойдық. Қала тұрғындары мен қонақтары көрермеден «Наурыз» мейрамы мен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен таныс болады деген сенімдеміз, – дейді «Қазақстанның қолданбалы өнері» кафедрасының меңгерушісі Наталия Баженова.

Қылқалам ұшындағы көктем
Қылқалам ұшындағы көктем

 Көрмеге Айша Ғалымбаеваның «Дастархан», «Аяққап» натюрморттары, сондай-ақ «Қуанышты күн» атты тақырыптық туындысы қойылған. Гүлфайрус Исмаилованың «Халық шебері», «Қымыз. Натюрморт», «Бас киімдері» ұсынылған. Табиғаттың тынысы мен сұлулығын сезінетін суретшілердің аға буынының өкілі Әли Жүсіповтың «Күйші» туындысы қойылған. Зейнеп Түсіпованың әйелдердің мереке алдындағы машақатын керемет суреттейтін «Отбасы ошағы» сериясының «Бауырсақтарды қуыру», «Ауыл әйелдері» атты жанрлық туындыларын көруге болады. Ұлттық тақырыптың жалғасы ретінде Бақыт Бапишевтің «Құнарлылық символы» шығармасы да көрмеде көрініс табады.

Қылқалам ұшындағы көктем
Қылқалам ұшындағы көктем

Көрме наурыз айының 29-шы жұлдызына дейін жалғасады.

Қылқалам ұшындағы көктем
Өзгелердің жаңалығы