Қылмыскерлерден 107 млн теңгенің ұрланған мүлік алынды – Әділов

4 Ақпан 2022, 20:27
1571
Бөлісу:
Қылмыскерлерден 107 млн теңгенің ұрланған мүлік алынды – Әділов
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

1 ақпанда Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде ломбардтардың бірінен ұрлық жасаған осы қаланың екі тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Ұсталғандардан 160 бірліктен астам алтын бұйым алынды. Алматыда 41 миллион теңге шығын келтіре отырып «Іскер Ломбардты» тонауға қатысқандардың бірі ұсталды. Күдіктіден ұрланған заттардың бір бөлігі алынды, оның кінәсі бейнежазбамен дәлелденеді, - деді Әділов. 

Ол атағандай, қылмыскерлерден жалпы сомасы 107 млн теңгеден артық ұрланған мүлік алынды.

Оның ішінде 8 бірлік автокөлік, 360 бірліктен астам тұрмыстық техника, 200-ден астам зергерлік бұйым, 460 киім, 238 ұялы телефон, сондай-ақ сомасы 15,5 млн теңге қолма-қол ақша, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы