Қылмыскерлер "Көктөбе" теледидар мен радиохабар мұнарасын басып алуға тырысты – ҰҚК

11 Қаңтар 2022, 20:43
1833
Бөлісу:
Қылмыскерлер "Көктөбе" теледидар мен радиохабар мұнарасын басып алуға тырысты – ҰҚК
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қылмыскерлер "Көктөбе" теледидар мен радиохабар мұнарасын басып алуға тырысты. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаментінің жеке құрамы құқық қорғау органдарымен және әскери құрылымдармен бірлесе отырып, Алматы қаласының әкімшілігі мен стратегиялық маңызы бар нысандарын қорғауға тікелей қатысты.

Қылмыскерлер "Көктөбе" теледидар мен радиохабар мұнарасын басып алуға тырысты – ҰҚК

Митинг кезінде қылмыскерлер "Көктөбе" теледидар мен радиохабар мұнарасын басып алуға тырысты, осылайша бандиттер ақпараттық басымдыққа ие болып, өз талаптарын қоюды көздеген еді, алайда шекарашылар шабуылға тойтарыс берді.

Қылмыскерлер "Көктөбе" теледидар мен радиохабар мұнарасын басып алуға тырысты – ҰҚК

Сонымен қатар шекарашылар "Медеу" селден қорғау бөгетінің периметрін де бақылауға алды.

Контртеррористік операцияның белсенді кезеңінде Департаменттің әскери қызметшілері ҰҚК ШҚ арнайы бөлімшесімен бірге қылмыскерлерді, сондай-ақ заңсыз жолмен шетел асып жасырынуға тырысқан адамдарды анықтау және ұстау жұмыстарын жүзеге асырды.

Қылмыскерлер "Көктөбе" теледидар мен радиохабар мұнарасын басып алуға тырысты – ҰҚК

Шекара әскерлерінің бөлімшелері қазіргі кезде де нысандарда жауынгерлік кезекшілікті атқарып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы