Ақмола облысында тамақ пісірудің соңы қайғылы аяқтала жаздады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Көкшетауда 13 тамызда жатақханалардың бірінде 4 қабаттың терезесінен түтін шығатыны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Оқиға орнына ТЖД күштері жіберілді. Шақырту орныга келгеннен кейін терезеден түтін шыққан жатақхана бөлмесінің есіктері ішінен жабық екені анықталды. Есікті ашқан кезде түтіннің себебі тамақтың күйіп кетуі, ал бөлменің иесі ұйықтап кеткені анықталды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Құтқарушылар оны сыртқа шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Ақмола облысының ТЖД өңір қонақтары мен тұрғындарынан тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды сұрайды.