Құтқарушылардың жалақысы 2025 жылы екі есеге өседі

5 Наурыз 2024, 12:16
559
Бөлісу:
Құтқарушылардың жалақысы 2025 жылы екі есеге өседі
Фото: Арман Мухатов - архив

Құтқарушылардың жалақысы 2025 жылға қарай 2 есеге ұлғайтылмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Үкіметке құтқарушылардың жалақысы мәселесін көтеріп, сауал жолдаған болатын.

Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттың сауалына ресми жауабын жолдады.

Үкімет басшысы атап өткендей, 2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 40%-ға өсті.

Сондай-ақ денсаулық пен өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін құтқарушыларға лауазымдық жалақысының 70%-ы мөлшерінде қосымша ақы белгіленді, - деп айтты ол.

Бұдан басқа, 2022 жылдан бастап лауазымдық жалақыға түзету коэффициентін қолдану жолымен азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, оның ішінде азаматтық қорғау органдарының құтқарушыларының жалақысы кезең-кезеңімен көтеріледі.

Құтқарушылардың жалақысы қалай көтеріліп жатыр:

- 1,23 (23%) – 2022 жылы;

- 1,45 (18%) – 2023 жылы;

- 1,71 (18%) - 2024 жылы;

- 2 (17%) - 2025 жылы.

Осылайша Үкіметтің есебінше, құтқарушылардың жалақысы 2025 жылға қарай 2 есеге ұлғайтылмақ.

Өзгелердің жаңалығы