Құтқарушылар жолда қалған шетелдік азаматтарды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбе облысы Темірбек Жүргенов кентінен 3 шақырым жерде, "Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай" автожолының 80 шақырымында құтқарушылар техникалық ақаулы жолаушылар автобусын Т. Жүргенов ауылының мешітіне көшірді, - делінген хабарламада.
Жолаушылар автобусында 17 азамат болды Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары. Медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ алыс жолдарға шығу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.