Бүгін сағат 9:20-да Алматы облысында, Қарасай ауданында Қайнар және Бекболат кенттері арасында жол көлік оқиғасы орын алып, көлік ағашқа соғылғаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Гидравликалық авариялық-құтқару құралын пайдалана отырып, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жолаушының денесін авариялық автомобильдің салонынан алып шықты.
Сағат 10:23-те оқиға орнында құтқару жұмыстары аяқталды.