Түркістан облысы Шардара су қоймасының жағалауында 3 адам балшық тұзағына түсіп қалды, оның ішінде екеуі Өзбекстан республикасының азаматтары, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
ТЖМ қызметкерлері көмекке келіп, автокөлікті балшықтан тартып шығарды. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмады. Төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөмеріне хабарласыңыз, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.