ТЖМ құтқарушылары жеке тұрғын үйдің ауласынан 5 жыланды ұстап алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында 112 желісіне жеке тұрғын үйдің ауласында бауырымен жорғалаушылардың жүргені туралы хабарлама түсті.
Құтқарушылар шақырту орнына жедел жетіп, арнайы құралдың көмегімен 5 рептилияны ұстап алып, азаматтарға қауіп төндірмеу үшін оларды елді мекеннен алыс қауіпсіз жерде жіберді, - делінген ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ жылан табылған кезде адамдарды орын-жайдан шығарып, жануарды құлыптап, құтқарушыларды шақыруды ұсынады. Оны өздігінен ұстау әрекеті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.