Құтқарушылар тұрғындарға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Күршім ауданында Топтерек ауылынан 4 шақырым жерде қардың қарқынды еруі салдарынан көпірдің бетон құрылымдарын шайып кеткен. ШҚО ТЖД құтқарушыларының күшімен тұрғындарға өткел ұйымдастырылды. Бүгінгі күні барлығы жергілікті тұрғындардан 22 адам өткізіліп, азық-түлік жеткізілді.
Жергілікті атқарушы органдардың 15 адамы мен 2 техникасы айналма жол төсеу бойынша жұмыстар жүргізуде.