Құтқарушылар тауда жарақат алған бойжеткенді эвакуациялады

Алматы облысының Қарасай ауданында 1999 жылы туған бойжеткен аяғынан жарақат алып, өздігінен таудан түсе алмай Республикалық жедел-құтқару жасағы қызметкерлерінің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 31 Тамыз 2024 2024, 04:31
31 Тамыз 2024 2024, 04:31
858
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматы облысының Қарасай ауданында 1999 жылы туған бойжеткен аяғынан жарақат алып, өздігінен таудан түсе алмай Республикалық жедел-құтқару жасағы қызметкерлерінің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Құтқарушылар зардап шегушіге жаяу жетіп, медициналық көмек көрсетіп, оны 4,5 км алдымен қолдарында ұстап, кейін зембілмен автожолға дейін жеткізді, - делінген министрліктің ақпаратында.

Осылайша, таудың етегіне түсіргеннен кейін құтқарушылар туристі ауруханаға одан әрі тасымалдау үшін Апаттар медицинасы орталығының бригадасына табыстады.

ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады.

Наверх