Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шомылуға қауіпсіз жерлерді атады, деп хабарлайды Алтайньюс.
Өңірде арнайы жабдықталған 16 орын бар.
Өскеменде: Меновное көлі –Сол жағалау кешенінің жағажайы, Ертіс өзені – «Самал» жағажайы.
Алтай ауданында: Бұқтырма су қоймасы (Прибрежный, Жаңа Бұқтырма кенттері).
Бородулиха ауданы: Шүлбі су қоймасы (Жерновка ауылдық округі).
Катонқарағай ауданы: Бұқтырма су қоймасы – Жаңа Хайрузовка ауылдық округі, Приморское ауылы. Бұқтырма су қоймасы – Үлкен Нарын ауылдық округі, Свинчатка ауылы.
Көкпекті ауданы: Бұқтырма су қоймасы – Сарыбел ауылдық округі, Құлынжон ауылы.
Ұлан ауданы: Бұқтырма су қоймасы – Тарғын ауылдық округі, Манат ауылы. Тайынты өзеніндегі су қоймасы – Тарғын ауылдық округі, Төменгі Тайынты ауылы, Асубұлақ кенті, Шыбындыкөл – Тарғын ауылдық округі, Жоғарғы Тайынты ауылы.
Сібе көлдері (Садыркөл көлі) – Бозанбай ауылдық округі, Алғабас ауылы, Сібе көлдері (Төртқара көлі ) – Бозанбай ауылдық округі, Алғабас ауылы, Сібе көлдері (Шалқар көлі) – Бозанбай ауылдық округі, Алғабас ауылы, Сибин көлдері (Қоржынкөл көлі) - Бозанбай ауылдық округі, Алғабас ауылы. Дұбығалы (Окуньки) – Таврия ауылдық округі, Гагарин ауылы,
Үржар ауданы – Алакөл көлі, Қабанбай ауылдық округі.