Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт нашарлайды деп болжанып отыр. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазгидрометтің мәліметі бойынша, елдің кейбір аймақтарында қатты жауын-шашын, температураның төмендеуі, желдің күшеюі, боран және көктайғақ болжанып отыр. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ұсынады, — делінген хабарламада.
Министрлік мәлімдеуінше, көптеген адам боран мен қарлы бұрқасындарды қауіпті деп санамайды, алайда қауіпсіздік ережелерін елемеу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда адамдардың өміріне қауіп төнеді.
Құтқарушылар боран кезінде көлікпен қозғалу қажет болған жағдайда келесі ережелерді ұстануды ұсынады:
- Тек ірі жолдармен жүріңіз.
- Жылдамдықты азайтыңыз және асықпаңыз.
- Машинадан алыстамаңыз, көлік әрдайым көріну аймағында болсын.
- Автомобиль фараларын қосып, дыбыстық сигналдарды пайдаланыңыз.
Көлікті табу қиын болса, капотқа ашық түсті мата байлау немесе антеннаға бекіту көмектеседі.
Қарлы бұрқасынға тап болғанда, көлік ішінде күтіңіз және көмекті үздіксіз шақыруды жалғастырыңыз, — деп кеңес берді министрлік.