Құтқарушылар пәтердегі өртті 10 минут ішінде сөндірді

Құтқарушылар пәтердегі өртті 10 минут ішінде сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 видеодан кадр 18 Шілде 2024 2024, 08:56
18 Шілде 2024 2024, 08:56
1009
Фото: видеодан кадр

Құтқарушылар пәтердегі өртті 10 минут ішінде сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Атырау қаласының Нұрсая шағын ауданында көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде балконнан түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін пәтердегі бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында жалпы ауданы 12 шаршы метр болатын балкон өртенгені анықталды.

ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.

Наверх