Құтқарушылар өз өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алды

14 Сәуір 2025, 19:08
734
Бөлісу:
Құтқарушылар өз өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алды
Фото: видеодан скриншот

Бұл оқиға елорданың Нұра ауданы, Қ.Мұхамедханов көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ Телеграм каналына сілтеме жасап.

Құтқарушылар келгенде 2000 жылы туған бойжеткен 10 қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатында өз өзіне қол жұмсау мақсатында терезе жақтауында тұрғаны анықталды. 

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қызбен әңгімелесіп, оның назарын аударды. Осы минуттарда құтқарушылар жедел түрде АИК-90 және "Өмір текшесін" орналастырды. Олар сондай-ақ пәтерге кіріп, қызды терезеден ішке кіргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы