ТЖМ күштерімен өрт кезінде 8 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін Балқаш қ. Мира көшесінде 4 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмхананың ас үй бөлмесі отқа оранды.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері мекеменің ас үйінде қуырғышта май жанғанын анықтады.
Өрт сөндірушілер 6 шаршы метр алаңдағы өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Есіңізде болсын! Егер май жанса:
Тамақ пісіріп жатқан пешті немесе электр құрылғысын өшіріңіз;
Табаны немесе кастрюльді қақпақпен жабыңыз, бірақ шыны қақпақ болмауы керек!
Жанып тұрған майды сумен сөндірмеңіз - бұл қауіпті;
Өрт сөндіргіштерді сатып алыңыз, алғашқы өрт сөндіру құралы жедел қызметтер келгенге дейін жалынды сөндіруге көмектеседі.